Шоу-бизнес

"Жап-жас құда мен құдағи": Танымал журналист Гүлназ Әлімгерей келін алды

"Жап-жас құда мен құдағи": Танымал журналист Гүлназ Әлімгерей келін алды

Қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Гүлнәз Әлімгерей мен оның жұбайы, полиция полковнигі Нұрділдә Ораздың ұлы шаңырақ көтерді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл қуанышты жаңалықты Гүлнәз Әлімгерей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

– «Ал, ағайын, енді ресми түрде құда-құдағи атандық! Ізгі тілектеріңізге үлкен рақмет», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары танымал жұпқа ақ тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

– «Құтты болсын! Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер», – десе, енді бірі – «Құда-құдағи жасарып кеткен ғой», «Үлгілі отбасы, жастар бақытты болсын!» – деп пікір қалдырды.

Барлық жаңалық