Тележүргізуші әрі блогер Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында 18 жастағы інісі Ақсұңқардың Алматыдан жеке пәтер алғанын айтып, қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ақерке ата-анасының бес баланы ештеңеге қарамастан өсіріп, білім беріп, тәрбиелеу үшін бар ғұмырын арнағанын еске алды.
«Бүгін жүрегім ерекше толқып тұр. Інім Ақсұңқар 18 жасында Алматыдан өз пәтерінің иесі атанды», – деп жазды ол.
Блогер бұл жетістікті жай ғана баспана емес, ата-анасының адал еңбегі мен төзімінің жемісі екенін атап өтті.
«Бұл – жай ғана баспана емес. Бұл – ата-анамыздың адал еңбегінің, төзімінің, дұғасының жемісі. Әкеміздің арманының жалғасы. Анамыздың ешқашан мойымаған қайсарлығының нәтижесі», – деді Ақерке.
Сондай-ақ ол өмірден өткен әкесінің аманаты орындалып жатқанын айтып, анасына алғысын білдіріп, інісіне жаңа шаңырақтың құтты болуын тіледі.