🏛️ Саясат

Жаңа Конституция Қазақстанның озық әрі қарқынды дамудың берік негізін қалыптастырады — Олжас Бектенов 

Жаңа Конституция Қазақстанның озық әрі қарқынды дамудың берік негізін қалыптастырады — Олжас Бектенов 

Бүгін Қазақстан тарихында үлкен өзгеріс болды. Еліміздің жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Осыған орай Үкімет басшысы Олжас Бектенов арнайы жиын өткізіп жаңа құжатты сапалы жүзеге асыру жолдарын талқылады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жаңа Ата заң мемлекеттің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын темірқазық құжат саналады. Премьер-министр жиналыс барысында барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталғанын ескертті. Негізгі заңның қабылдануы халықтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңару кезеңін жаппай қолдайтынын анық байқатты.

Бұл ауқымды шаралар Мемлекет басшысының Ата заңның күшіне енуіне байланысты жасаған арнайы үндеуінен кейін қолға алынып отыр. Басты мақсат тұтас қоғам игілігі мен ұлт қауіпсіздігін қорғау. Ендігі кезде отандық даму тек құрғақ экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Жаңарған құжат озық әрі қарқынды өсудің берік институционалдық негізін қалап берді.

Ел басшылығы Қазақстанның жаһандық өзгерістердің көшін қуып қана қоймай жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді ойыншыға айналуын көздейді. Қазіргі жүріп жатқан реформалардың барлығы осы биік мақсатқа бағытталған. Ал мұның бәрінің түп қазығында жаңа Конституция тұр.

Жалпы алғанда бұл тарихи қадамдар қоғамдағы тұрақтылықты сақтап азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейге көтеруге негізделген. Сонымен қатар "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтып озық ойлы әрі жоғары зияткерлік қабілеті бар жаңа қазақстандық буынды тәрбиелеуге жол ашады.

Барлық жаңалық