Жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында жарияланады

Жаңа Конституция жобасы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында жарияланады

Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Жаңа Конституция жобасының мәтіні ресми түрде жарияланатынын хабарлады. Құжат «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» басылымдарында және Конституциялық Соттың ресми сайтында қолжетімді болады деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Азимова атап өткендей, комиссия жұмысына заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтары, ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және медиа өкілдері қоса алғанда 130 адам жұмылдырылған. Барлық отырыстар әлеуметтік желілерде және «Конституциялық реформа 2026» Telegram-арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

 

«Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік модельді көздейді. Онда адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде қарастырылады. Құжат халықтың дәстүрлі құндылықтары мен тарихи тәжірибесіне сәйкес әділет, жауапкершілік және қоғамдық бірлік қағидаларын қамтиды», – деді Эльвира Азимова.

 

Комиссия мүшелері құжатты тек түзетулер пакеті ретінде қарастыруға болмайтынын атап, бүкілхалықтық талқылау үшін жобаны жариялауды ұсынды. Қазақстан Президенті бұл ұстанымды қолдаған.

Барлық жаңалық