Қоғам

Жаңа адамдар Каспийді қорғау мәселесін халықаралық деңгейге шығарды

Жаңа адамдар Каспийді қорғау мәселесін халықаралық деңгейге шығарды

Тамыздың 6 мен 12 аралығында Ақтау қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан мемлекеттерін біріктірген Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығы басталды, деп хабарлады ozgeris.info сайты.

Биыл бұл ауқымды іс-шараға бірнеше жыл қатарынан қоршаған ортаны қорғау және Каспий теңізін сақтап қалу мәселесін жүйелі түрде көтеріп келе жатқан «Жаңа адамдар» қозғалысының AntiTrash азаматтық науқаны арнайы бағдарламамен қатысып отыр.

Айта кетейік, ұйым бұған дейін RES2026 халықаралық экологиялық саммитінде бой көрсетіп, нәтижесінде дәл осы Caspian Sea Action Week 2026 шарасын өткізу туралы халықаралық меморандумның қабылдануына үлес қосқан еді.

Сонымен қатар белсенділер «Каспийді сақтаймыз» бастамасын қолға алып, оны Бакуде өткен WUF13 дүниежүзілік форумында да көпшілік назарына ұсынған болатын.

Қозғалыстың бұл әрекеттері азаматтық белсенділікті халықаралық деңгейге көтеріп қана қоймай, ортақ табиғи мұраны аман алып қалу жолында көршілес мемлекеттердің күш біріктіруіне үлкен септігін тигізетінін көрсетіп отыр.

Барлық жаңалық