Жамбыл облысында түзеу мекемесінен қашып кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтемемен.
Жамбыл аудандық сотының мәліметінше, жазасын өтеуші 2024 жылдың шілдесінде Тараз қаласына халыққа қызмет көрсету орталығына бару және жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушімен кездесуге мекеме рұқсатымен шыққан. Қызметкердің бақылауымен қаладан шыққан ол жұмысқа орналасу мүмкін болмаған соң, түзеу мекемесіне оралмай, жасырын түрде қалааралық автовокзалға жетіп, Алматы қаласына қашып кеткен.
Айыпталушының жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі – 9 ай 17 күн болған.
Нәтижесінде сот Қылмыстық кодекстің 427-бабы 1-бөлігі (“Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу”) бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.