Шоу-бизнес

"Жалаңтөс батырдың ұрпағы": Төреғалидың қарындасы ұлының тұсауын кестірді (ВИДЕО)

"Жалаңтөс батырдың ұрпағы": Төреғалидың қарындасы ұлының тұсауын кестірді (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі жаңа туған қызын қырқынан шығарып, ұлының тұсау кесер тойын жасады, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Ол өзінің ата-анасы мен жақындарын арнайы шақырған. Нағашылары сыйлықтарын табыстап, ағасы Төреғали Төреәлі домбырамен ән арнады.

"Аллама мың шүкір. Қызым деп әр келгенде қуантатын ата-анама, аға-жеңгеме Аллам еселеп бере берсінші. Аяз күнде басқа қаладан ешкімді әурелемейік деп тек қана Астанадағы ағайын-туыс достарымызды шақырып, тұсау кесер ырымын жасап кішігірім атап өттік. Барлық туыстарымызды, достарымызды шақырып жасайтын үлкен тойлар алдымызда ИншаАлла ", - деп жазды Дина. 

Сондай-ақ ол ұлы батырдың тікелей ұрпағы екенін де айтты. 

"Жалаңтөс Баһадүр бабамыздың тікелей 13 ші ұрпағы Ибраһим ұлым. Басқан қадамың оң болсын. Аталарың сияқты ел билейтін азамат бол. Бүгін ниет етіп баламыздың тұсауын үлкен атасына кестірдік.  Жақсы тілек жазған баршаңызға жұғысты болсын!", - деді ол. 

Желі қолданушылары жұлдызды қолдап, құттықтап жазуда. 

Барлық жаңалық