Жаңалықтар

Жахан Отарғалиевтің әкесі жол апатына ұшырады

Атырау–Орал тасжолында танымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиевтің әкесі қатысқан жол апаты болды. Өнер иесі әкесінің ауыр жағдайдан дін аман шыққанын айтып, көпшілікке үн қатты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Бауырым, асықпай жүрген дұрыс. Өткен жұма күні таңертең әкем Атырау–Орал бағытында апатқа түсті. Әйтеуір Алланың қалауымен аман қалды. Рульде отырған такси жүргізушілері де сақ болғаны абзал. Сіздерді бала-шағаларыңыз күтіп отыр», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

 

Актердің айтуынша, апаттан соң әкесінің аяғы ісіп кеткен. Қазіргі уақытта ол қаладағы ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

«Ең бастысы – аман қалды. Әке-шешеміз аман болсын. Алла ешкімге көтере алмайтын сынақ бермесін», – деп түйіндеді Жахан Отарғалиев.

Барлық жаңалық