АҚШ-пен бірлесіп Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қатысып жатқан Израиль Парсы шығанағы маңындағы Иранның газ саласына тиесілі нысандарға әуе соққысын жасады. Бұл туралы Ozgeris.info сайты DW басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Иранның Tasnim және Mehr агенттіктерінің мәліметінше, 18 наурыз күні өнеркәсіптік Асалуйе қаласы маңындағы мұнай-химия кешендері шабуылға ұшыраған. Ал Axios порталы үкіметтегі дереккөздерге сүйеніп, соққылардың АҚШ-пен келісілген түрде жасалғанын жазды.
Tasnim агенттігі Бушер провинциясы вице-губернаторының сөзіне сілтеме жасап, «газ өндіру саласындағы бірнеше өндірістік нысанға зақым келгенін, тұрғындарға қауіпті аймақтарға жақындамау туралы ескерту жасалғанын» хабарлады. Иран мемлекеттік телеарнасы әуе шабуылынан Парсы шығанағындағы ірі газ кен орнындағы өндіру қондырғысы бүлініп, өрт шыққанын мәлімдеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілген.
Асалуйе маңында Иран Катармен бірге игеріп отырған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Оңтүстік Парс газ алабы орналасқан. Бұл аймақ елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және ішкі газ тұтынуының шамамен 70 пайызын қамтамасыз етеді. Иранда өндірілетін табиғи газдың негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталады.
Газ саласына жасалған шабуылдан кейін мұнай бағасы күрт өсті. Ирандық мемлекеттік БАҚ-тардың хабарлауынша, шабуыл туралы ақпарат тараған соң Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 110 долларға дейін көтерілді. Сонымен қатар WTI мұнайының бағасы да өсіп, барреліне 98 долларға жетті.
Бағаның қымбаттауына қарамастан, нарықта оң жаңалықтар да болды. Сауд Арабиясы 13 наурызда Рас-Танурадағы ірі мұнай өңдеу зауытының жұмысы қайта жанданғанын растады. Сондай-ақ Дональд Трамп әкімшілігі Джонс заңы талаптарын 60 күнге уақытша тоқтатқан. Бұл заң АҚШ порттары арасындағы жүк тасымалын тек америкалық кемелер арқылы жүзеге асыруды міндеттейді.
Иран билігі газ өнеркәсібіне жасалған соққылардан кейін қарсыласына әлдеқайда қуатты жауап беретінін мәлімдеп, шабуылға қатысы бар елдердің «жанармай, энергетика және газ инфрақұрылымына» соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті. Мемлекеттік телеарна жариялаған «заңды нысандар» тізіміне Сауд Арабиясы, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мұнай-газ объектілері енгізілген.
Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшылығы шектеулі қақтығыстар кезеңі аяқталып, жағдайдың «жан-жақты экономикалық соғыс» деңгейіне өткенін мәлімдеді. Мұндай мәлімдемеге Иранның азаматтық әрі стратегиялық инфрақұрылымына жасалған соққылар себеп болғаны айтылды.
Әлем
Израилдің Иранға шабуылынан кейін мұнай бағасы күрт өсті
Фото: Associated Press
19.03.2026
367
-
15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салынды15:05, 10 қазан 2026
-
«Бетіне айтып тастадым»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі Роза туралы жазды14:49, 10 қазан 2026
-
«Өлім тілеп, қарғайды»: Астаналық кейуана көптің зәресін қашырған (ФОТО)12:00, 10 қазан 2026
-
Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасына қандай көмек көрсетілді?11:00, 10 қазан 2026
-
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті оқыс жайтқа тап болды10:00, 10 қазан 2026
-
Жүрсін Ерман күтпеген сыйға ие болды09:00, 10 қазан 2026
-
KNUS кімге тиесілі: Нұрасыл Медеу университеттің меншік құрылымын түсіндірді20:00, 09 қазан 2026
-
Пәтер сатып алған тиімді ме, әлде жалдап тұрған дұрыс па: сарапшы нақтысын айтты19:59, 09 қазан 2026
-
Қазақстан Италияға мұнайдан басқа не сата алады – шолу19:07, 09 қазан 2026
-
Жетісу облысында мектеп оқушысы сыныптасының қолынан қаза тапты17:45, 09 қазан 2026
-
«Көзі үңірейіп, жүдеп кетіпті»: Саят Медеуовтің қазіргі күйі көпті алаңдатты16:44, 09 қазан 2026
-
-
«Бетіне айтып тастадым»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі Роза туралы жазды14:49, 10 қазан 2026
-
Пәтер сатып алған тиімді ме, әлде жалдап тұрған дұрыс па: сарапшы нақтысын айтты19:59, 09 қазан 2026
-
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті15:49, 09 қазан 2026
-
Жетісу облысында мектеп оқушысы сыныптасының қолынан қаза тапты17:45, 09 қазан 2026
-
Жүрсін Ерман күтпеген сыйға ие болды09:00, 10 қазан 2026
-
KNUS кімге тиесілі: Нұрасыл Медеу университеттің меншік құрылымын түсіндірді20:00, 09 қазан 2026
-
Қазақстан мен «Газпром» газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады17:36, 09 қазан 2026
-
Қытайлық кәсіпкер үздік қызметкерлеріне 20 миллион теңгеге BMW көлігін сыйлады16:51, 09 қазан 2026
-
«Қайраттың кесірінен жексұрын болдым»: Тұрсынбаева әншімен болған жайтты айтты08:43, 05 қазан 2026
-
«Мал төлдесе де қарайсың ғой»: Роза Әлқожа енесіне өкпесін айтты14:41, 05 қазан 2026
-
«Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті12:56, 08 қазан 2026
-
«Керемет жанұя болып көрінеміз»: Роза Әлқожа жасырып шаршағанын айтты15:02, 06 қазан 2026
-
«Рұқсатсыз алып қашты»: 16 жасында тұрмыс құрған Абай Бегейдің қызы өкінішін айтты12:34, 05 қазан 2026
-
«Осындайларға заң керек»: Күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің видеосы тарады09:55, 07 қазан 2026
-
«Гүлнұрға обал»: Оразымбетованың күйеуімен түскен видеосы талқыға түсті08:58, 07 қазан 2026
-
-
«Тәжік жігітке күйеуге шығып кеткен бе»: Аша Матай өзге елде көзге түсті09:47, 05 қазан 2026
-
«Қаңғып жүргеннен сол артық»: Бақыт Тұрман «Қарттар үйінде» тұратынын айтты13:41, 07 қазан 2026
-
Назарбаев әулетіндегі той: Тауман Нұрсұлтанұлының қалыңдығы кім?19:11, 12 қыркүйек 2026
-
«Әселді жібергім келмейді»: Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы айтып жылап қалды09:08, 10 қыркүйек 2026
-
«Ақшаны өзі ұстайды, қатал адам»: Гүлнұр Оразымбетова 70 жастағы күйеуі туралы айтты13:38, 15 қыркүйек 2026
-
«Олигархтар мен шенеуніктер жиналған»: Назарбаевтың ұлы Тауманның тойы қалай өтті11:58, 15 қыркүйек 2026
-
«Анасы онкологиямен ауырады»: Қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасы ауыр жағдайда13:51, 27 қыркүйек 2026
-
«Анамның інісі зoрлады»: Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты жариялады13:17, 23 қыркүйек 2026
-
«Ақтауға барғанына бір ай ғана болған»: Түркістандық лейтенант туралы не белгілі13:24, 26 қыркүйек 2026
-
«Формадағы солдат суда тұр»: Көріпкел Каспийдегі жайтты алдын ала болжаған09:36, 28 қыркүйек 2026
-
«Баламның ішінде өкініш бар»: Аман қалған сарбаздың анасы жазбасымен елді жылатты11:39, 26 қыркүйек 2026
-
«Биыл қатыным өлді»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойдағы мәлімдемесі жұртты шошытты08:41, 01 қазан 2026