Қоғам

Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді

Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді

Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцог Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келді. 27-28 сәуірге жоспарланған іс-шаралар аясында Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жоғары мәртебелі мейманды ресми күтіп алу рәсімі өтті. Мемлекет басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, екі елдің әнұрандары шырқалды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Сапар аясындағы негізгі шаралар:

Ицхак Герцог Қазақстан билігімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты талқылайды;

Израиль президентінің Қазақстандағы еврей қауымдастығының өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

Ицхак Герцог бұл сапарға Қазақстан президентінің арнайы шақыруымен келгенін атап өтіп, елімізді Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес санайтынын жеткізді. Ол өз мәлімдемесінде дінаралық татулық пен келісімге ерекше тоқталды.

«Израиль мен Қазақстан арасындағы ұзақмерзімді серіктестіктің маңызы зор және бұл байланыстың нығаюы екі халыққа да ортақ пайда әкеледі. Өткен жылы Қазақстанның «Авраам келісімдеріне» қосылуынан кейін бұл маңызды қарым-қатынастар одан әрі беки түсті. Бұл қадам мұсылмандар, христиандар және еврейлер арасындағы ынтымақтастық рухын айқын көрсетеді», — деп жазды Израиль президенті.

Барлық жаңалық