Жаңалықтар
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
StockSnap
28.05.2026
40
Ішкі істер министрлігі ел азаматтарын жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтың мәліметінше осы уақытта балалардың қараусыз қалуы, заң бұзуы, жол апатына түсуі, суға бату немесе үйдегі түрлі қайғылы жағдайларға тап болу қаупі артады.
"Ең алдымен бұл жерде ата-аналардың рөлі ерекше. Балалардың қайда және кіммен жүргенін, күндіз немен айналысатынын, қызығушылықтары мен араласатын ортасы қандай екенін білу қажет. Сонымен қатар ата-аналардан цифрлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуды сұраймыз. Бүгінде балалар уақыттарының көп бөлігін интернетте өткізеді. Сондықтан баланың қандай сайттарға кіретінін, әлеуметтік желілерде кіммен сөйлесетінін, буллингке, психологиялық қысымға немесе зиянды контентке тап болмауын бақылау қажет", - деді Қабденов.
Ол ата-аналарға балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік жүктелетінін еске салды.
"Ұстаздарды да демалыс кезінде отбасылармен байланыста болуға, қиын жағдайдағы балаларға назар аударуға және дер кезінде ден қоюға шақырамыз. Қоғамның қатысуы да маңызды. Егер сіз қауіпті жағдайда жүрген баланы, кешкі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімді, су айдындарының жанында, жол бойында немесе қауіп төндіретін ортада жүрген баланы көрсеңіз, бейжай қарамаңыз. Бір ескерту, бір қоңырау немесе дер кезінде жасалған әрекет баланың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуы мүмкін", - дейді комитет төрағасы.
Оның айтуынша кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік пен темекі сату, ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерлерде жүру деректері қатаң түрде тоқтатылады.
"Бүгінде балалардың қауіпсіздігі – отбасының, мектептің, мемлекеттің және бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі", - деп түйіндеді Мұрат Қабденов.
-
«Сөзім жоқ, топастық»: Сәуле Әбілдаханқызы түлектердің ата-аналарын сынға алды07:00, 28 мамыр 2026
-
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады06:00, 28 мамыр 2026
-
-
89 жастағы әже 20 жыл көрмеген бауырларымен қауышты (ВИДЕО)00:00, 28 мамыр 2026
-
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді20:00, 27 мамыр 2026
-
Дипломның орнына стартап: Astana IT University ректоры заманауи білім жайлы айтты17:55, 27 мамыр 2026
-
Астанада Бейімбет Майлиннің "мойнына" мініп алған қыз жазаланды16:34, 27 мамыр 2026
-
-
"Қарсы болмаймын": Мөлдір Мұқан қыздарын тұрмысқа беру жайлы айтты (ВИДЕО)15:29, 27 мамыр 2026
-
700 миллион доллар табыс әкелген хит: Поп-король туралы фильмнің жалғасы шығады15:12, 27 мамыр 2026
-
"Қысым көрсеткен": Меруерт Өтекешова даудан кейін пікір білдірді (ВИДЕО)12:44, 27 мамыр 2026
-
"Бұларға дауа жоқ екен": Танымал әзілкеш сегізінші рет әке атанбақ (ВИДЕО)10:58, 27 мамыр 2026
-
-
"Қарсы болмаймын": Мөлдір Мұқан қыздарын тұрмысқа беру жайлы айтты (ВИДЕО)15:29, 27 мамыр 2026
-
"Өнеркәсіптік" аудан халқының жеңісі: Жылдар бойы маза қашырған зауыт сүрілмек10:10, 27 мамыр 2026
-
-
-
Астанада Бейімбет Майлиннің "мойнына" мініп алған қыз жазаланды16:34, 27 мамыр 2026
-
Жазда билет арзандай ма?13:29, 27 мамыр 2026
-
Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты14:16, 27 мамыр 2026
-
"Көмектесіңдер маған!": Бағдагүл емші тікелей эфирде көз жасын көл қылды (ВИДЕО)09:44, 21 мамыр 2026
-
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
"Аға, сізге беруге бола ма": Мақпал Жүнісова Президентке сый жасады (ВИДЕО)17:32, 21 мамыр 2026
-
"Жағдайым онша емес": Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған өсекке пікір білдірді11:55, 25 мамыр 2026
-
-
"Мына Баяның менен өткен": Бағдагүл емші продюсерге тағы да тиісті (ВИДЕО)09:48, 25 мамыр 2026
-
"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)16:21, 25 мамыр 2026
-
"Оқу жылын аяқтай алмадым": Танымал директор шұғыл ауруханаға түсті (ВИДЕО)17:38, 22 мамыр 2026
-
"Менсініп тұрған жоқ": Гүлзира Айдарбекованың тойдағы тәкаппарлығы сөз болды (ВИДЕО)12:01, 26 мамыр 2026
-
-
-
-
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
"Іріңдеп кеткен": Гүлзира Айдарбекова қазіргі жағдайынан хабар берді10:02, 29 сәуір 2026
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-