🌐 Әлем

Ильхам Әлиев: AZAL ұшағының апатын қасақана шабуыл деп санамаймыз

Ильхам Әлиев: AZAL ұшағының апатын қасақана шабуыл деп санамаймыз

Әзербайжан Қазақстанда орын алған AZAL әуе компаниясының апатын қасақана жасалған шабуыл деп есептемейді. Бұл туралы ел президенті Ильхам Әлиев Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Әзербайжан мұны қасақана шабуыл деп санамайды. Біз тек болған оқиғаны мойындауды, кінәлілердің жазалануын және толық өтемақы төленуін талап етеміз, - деді мемлекет басшысы.

AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсан таңертең Ақтауда апатқа ұшырады. Лайнер Бакуден Грозныйға бағыт алған, алайда апат алдында экипаж Қазақстанның Ақтау әуежайына шұғыл қонуға рұқсат сұраған.

Бортта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Нәтижесінде 27 жолаушы мен 2 экипаж мүшесі тірі қалды.

2025 жылғы 7 тамызда апаттан қалған модульдік авионика блогы АҚШ-тағы Honeywell International компаниясына сараптамаға жіберілді. Мамандар гидравликалық жүйенің фрагменттерін қалпына келтіріп, техникалық себептерді анықтауға кірісті.

Барлық жаңалық