Жаңалықтар

IBF шешімі: қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуден айырылды

IBF шешімі: қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуден айырылды

International Boxing Federation қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлыны орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Федерация мәліметінше, бұл шешім ұйымның ережелеріне сәйкес қабылданған. Атап айтқанда, IBF-тің 18-ережесінде допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін ұлттық немесе халықаралық спорт органдары тарапынан шеттетілген боксшылар бір жыл бойы IBF рейтингтеріне енгізілмейтіні және федерация санкциялаған жекпе-жектерге қатыса алмайтыны көрсетілген.

Сонымен қатар, Әлімханұлы орта салмақтағы IBF чемпионы атағын 2026 жылғы 4 шілдеден кешіктірмей міндетті түрде қорғауы тиіс болған. Ал федерация боксшыға міндетті жекпе-жек туралы 4 мамырға дейін ресми түрде хабарлауы керек еді.

Барлық жаңалық