Астанада Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына арналған кеш өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кеш барысында әншіні отбасы мүшелері қолдап келді. Сахнаға Роза Рымбаеваның немересі Зейін шығып, әжесіне арнап өлең оқыды.
Кішкентай Зейіннің әжесіне деген ыстық ықыласы көрермендердің жүрегін елжіретіп, желі қолданушыларының да сүйіспеншілігіне бөленді.
"Әжесінің жолын берсін", "Өркені өссін", "Тіл-көзден аман болсын", "Тәп-тәтті бала екен" деп жазды желі қолданушылары.