2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға шетелден жіберілген ақша аударымдары 105,4 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға аз, деп жазады Ozgeris.info.
Ұлттық банк дерегінше, бұл 2016 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Ал инфляцияны ескерсек, мұндай төмен деңгей 2014 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Бұдан ертерек кезеңдегі дерек жоқ.
Тек келіп жатқан қаражат емес, елден кетіп жатқан ақша көлемі де азайған. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандықтар шетелге 321,2 млрд теңге аударған. Былтырғыдан 16%-ға аз. Бұл да кейінгі жылдардағы антирекорд. Тіпті инфляцияны есептемегенде де, көрсеткіш 2020 жылдан бері болмаған төмен деңгейде. Ал инфляциямен есептегенде, 2015 жылдан бергі ең аз көрсеткіш.