Ақмола облысының Целиноград ауданында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жағдайға қатысты Облыстық полиция мәлімет берді.
Аталған іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
"Өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.