Гуанчжоу – Алматы бағытындағы әуе рейсі барысында бір әйел адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты полиция департаменті растады. Оқиға ұшақ бортында болған деп жазады Оzgeris.info.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жолаушының өліміне созылмалы ауру себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады департамент.
Әлеуметтік желілерде тараған бейресми ақпараттарға сәйкес, әйел онкологиялық аурумен ауырған болуы мүмкін. Бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.