Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен компанияның өңірлік директоры Ноа Лоффлердің кездесуінде айтылды, деп жазады Ozgeris.info.
Кездесуде халықтың цифрлық сауатын арттыру, балалардың онлайн қауіпсіздігі және адами құндылықтарды насихаттау жобалары талқыланды. Сонымен бірге Google-дың Қазақстанда ресми өкілін бекіту мәселесі көтерілді.
Аида Балаева заңсыз контентті модерациялау жүйесінің тиімділігі төмен екенін атап өтті. Осыған орай жақын уақытта Google мамандары Астанада арнайы воркшоп өткізеді.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанда Google кеңсесін ашу мүмкіндігін қарастырды. Министрлік елімізді дамушы экономикасы бар, инвестицияға қолайлы өңірлік көшбасшы ретінде таныстырды.