Қазақстан боксының тірі аңызы Геннадий Головкин Сауд Арабиясына сапары барысында әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен жолықты. Қос спорт саңлағы Эр-Риядта өткен кездесуде бір-біріне құрмет білдіріп, жылы әңгіме өрбітті деп жазады Оzgeris.info.
Головкин «Әл-Наср» клубының шабуылшысын Сауд Арабиясы чемпионатындағы кезекті матчта екі гол соққанымен құттықтады. Ал Криштиану Роналду қазақстандық боксшымен кездескеніне қуанышты екенін айтып, оның спорттағы жетістіктерін жоғары бағалады.
GGG Эр-Риядқа ірі бокс кешін тамашалау үшін келгенін атап өтті. Әлемдік деңгейдегі екі спорт жұлдызының бұл жүздесуі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.
Айта кетсек, Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду бұған дейін, 2020 жылы DAZN платформасының арнайы жобасы аясында бірге түсірілімге қатысқан еді.