Спорт

ФИФА футболды дамытуға бөлінетін қаржыны 6,35 миллиард долларға дейін арттырмақ

ФИФА футболды дамытуға бөлінетін қаржыны 6,35 миллиард долларға дейін арттырмақ

ФИФА президенті Джанни Инфантино ұйымға мүше 211 ұлттық қауымдастықтың барлығына футболды дамытуға бөлінетін инвестиция көлемін рекордтық деңгейге дейін арттыру жоспарын жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Жоспарға сәйкес, ұлттық қауымдастықтарға, конфедерацияларға және басқа да мүдделі тараптарға бөлінетін қаржының жалпы көлемі 6,35 миллиард долларға дейін ұлғайтылмақ. Бұған 2026 жылғы әлем чемпионатының жоғары қаржылық көрсеткіштері мүмкіндік берген.

Инфантиноның айтуынша, ФИФА-ның қаржысы мен ұйым резервтері әлемдік футболды дамытуға бағытталған және барлық 211 ұлттық қауымдастықтың игілігіне тиесілі.

«ФИФА президенті болып сайланғаныма он жыл болды. Осы уақыт ішінде әрбір ұлттық қауымдастыққа бөлінетін қаржы 1 миллион доллардан 25 миллион долларға дейін өсті», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Ұйым басшысы футболды одан әрі дамыту үшін бірлік пен ортақ жұмыстың маңызын атап өтті. Қаржыландыруды арттыру ұлттық федерацияларды қолдауға, футбол инфрақұрылымын жетілдіруге және түрлі елдерде жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Барлық жаңалық