Шоу-бизнес

"Есімін таңдап қойдық": Елдос "Колобок" болашақ сәбиіне қатысты құпияның бетін ашты (ВИДЕО)

"Есімін таңдап қойдық": Елдос "Колобок" болашақ сәбиіне қатысты құпияның бетін ашты (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Елдос Колобоктың анасы болашақ немересі қыз болады деп ойлағанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Елдос Колобок әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы айтып, жұртшылықты күлкіге қарық қылды. 

"Мама әңгімені өлтіреді ғой. Негізі мама екеуіміз "қыз" болады деп ойладық, еще есімін таңдап қойғанбыз. Алланың қалауымен "ұл" болады бұйыртса, енді жақсы есім таңдау керек. Мама тағы ұрсамын деп қояды ғой", – деді Елдос Колобок.

Бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандаған танымал блогер Елдос Колобок жұбайымен бірге қуанышты жаңалығымен бөліскен еді. Олар көптен күткен сәбидің келуін "гендер-пати" арқылы жариялап, елді тебірентті. Бұл қуанышты жаңалықтың жүзеге асуына тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының тікелей көмегі тиген.

Барлық жаңалық