Шоу-бизнес

«Есі кірген шығар»: Айдана Меденованың қызы да орамал шешті (ВИДЕО)

«Есі кірген шығар»: Айдана Меденованың қызы да орамал шешті (ВИДЕО)

Әнші Айдана Меденованың мектеп жасындағы қызы хиджабын шешкені белгілі болды. Бұл туралы әншінің әлеуметтік желіде бөліскен видеосынан аңғаруға болады. Бейнежазбада кішкентай қыздың басында орамал жоқ екені байқалады деп жазады Оzgeris.info.

 

Аталған кадрлар желіде жылдам тарап, көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп, қызу талқылауға кірісті. Кейбірі бұл шешімді қолдаса, енді біреулері әркімнің жеке таңдауы екенін алға тартты.

 

Пікірлер арасында:

 

«Бастан дұрыс болмаған», «Әдемі көрінеді», «Өскен соң өзі шешеді», «Ес кірген шығар» деген сынды көзқарастар жиі кездеседі.

 

Айта кетейік, Айдана Меденова бұған дейін де хиджабын шешіп, өнерге қайта оралған болатын. Ол ұзақ үзілістен кейін ән жазып, сахнаға қайта шыққан еді.

 

 

Барлық жаңалық