Спорт

Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысына есе жіберді

Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысына есе жіберді

Қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулымен жекпе-жек өткізді.

Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Қырғызстан спортшысының жеңісімен аяқталды.

Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі (ММА) кәсіби мансабына келсек, қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс, 3 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, ирандық файтер Фарзад Гадериді (19-17) екінші раундта нокаутпен жеңген.

Ал Марсель Нұрланбек уулудың ММА-дегі статистикасы — 14 жеңіс, жеңіліссіз. Соңғы кездесуін ол 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық спортшы Фарход Эргишбаевты (4-3) нокаутпен жеңген.

Барлық жаңалық