Қазіргі таңда Мальдив аралдарында отбасымен демалып жүрген танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ұлы Исламмен бірге түскен видеосын жариялады. Жылы әрі көңілді сәттерге толы бейнежазба желі қолданушыларының назарын бірден аударды деп жазады Оzgeris.info.
Видеоны көрген оқырмандардың бірі пікір қалдырып, әзіл-шыны аралас: «Исламға ғашықпын» деп жазған. Бұл пікір әншінің назарынан тыс қалмады.
Ерке Есмахан оқырманның жазбасына қалжыңмен жауап беріп, болашақтағы ене ретіндегі мінезін де ишаралап өтті.
«Мен ред флагтау ене болатын сияқтымын, байқаңдар » — деп әзілдеді әнші.