4 тамызда Қазақстан үкіметінің шешімімен ERG-тегі мемлекеттік 40% акция пакеті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына берілді, еп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл ақпаратты ERG компаниясының өзі растады, өзгеріс компанияның ресми сайтындағы акционерлер құрылымында да көрсетілген.
Енді ERG сайтындағы жаңартылған мәліметке сәйкес, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының үкіметі болатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ERG акцияларының 40 пайызына ие.
Компанияның қалған акциялары мынадай бөлінген: негізін қалаушы акционерлердің бірі Әліжан Ибрагимовтың мұрагерлеріне 20,7%, ал Шахмұрат Мұталипке 39,3%.
Бұған дейін бұл мемлекеттік пакет Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қарамағында болатын.
ERG - тау-кен және металлургия саласындағы әлемдегі жетекші, әртараптандырылған компаниялардың бірі, толыққанды энергетикалық, көліктік және маркетингтік операциялары бар. Топ Азия, Еуропа, Африка және Америкада бизнес жүргізіп, өнімін 40-тан астам елге жеткізеді. Компанияда шамамен 67 мың адам жұмыс істейді, ал бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.