Энергетика министрлігі Қазақстанда газ өндірудің төмендегені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Ozgeris.info.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы қаңтар-шілде айларында 17,3 млрд текше метр газ өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге көп, өсім 9,2 пайызды құрады.
«2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 17,3 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2 пайызға артық», делінген ақпаратта.
Министрлік кейбір БАҚ-та тараған деректер ресми статистикаға сәйкес келмейтінін атап өтті.
«Ұлттық статистика бюросының жедел деректері оң динамиканы растайды: өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайызды құрады», делінген хабарламада.