Жаңалықтар

Энергетика министрлігі Алматыға қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Алматыға қатысты мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді, деп хабарлады Ozgeris.info.

Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі.

-Сонымен қатар, жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат тарап жатыр. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді,-делінген хабарламада.

Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында.




Барлық жаңалық