Мәскеу қаласында Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кездесу барысында тараптар отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қарым-қатынастардың маңызды бағыттарының бірі - отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастық. Бұл саладағы өзара іс-қимыл көпжылдық бірлескен тәжірибеге негізделген.
Кездесу соңында Ерлан Ақкенженов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Александр Новакқа II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
Мемлекеттік награда қоғамдағы өзара келісімді сақтауға бағытталған жемісті жұмысы, сондай-ақ халықтар арасындағы бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.