Жаңалықтар

Елімізде ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі

Елімізде ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі

Синоптиктер алдағы 3 тәулікке арналған болжамды жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады, деп жазады Ozgeris.info сайты.

Дегенмен елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.

"Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3…+8°С шамасында болады", – делінген синоптиктер жариялаған болжамда.

Барлық жаңалық