Дариға Бадықова экс-күйеуіне қатысты сот процесінде жеңіліп қалды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында сот шешімі жөнінде жазба жариялап, бұл істегі жеңісті өз тарапынан хабарлады. Оның айтуынша, ол аталған процеске журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатысып, оның мүддесін қорғаған.
«Біз сотта Дариға Бадықованы жеңдік. Бұл істе мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатыстым және оны толық қорғап шықтым. Дариға ханымның соттағы талабы қандай болды? 2025 жылғы 4 қазандағы YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру, 2 500 000 теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп беру», – деп жазды Инга Иманбай.
Оның сөзінше, талап арызда материалды жою, журналист пен экс-күйеуін жауапкер ету, кешірім сұрату және 4 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп алу көзделген.
Алайда сот аталған талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырған.