Шоу-бизнес

"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатыны белгілі болды (ВИДЕО)

"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатыны белгілі болды (ВИДЕО)

Жеке бренд саласында контент дайындайтын Динара Мырзажанқызы есімді Instagram қолданушысы танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның кәсібін анықтап, парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Әдия бүгінде сән әлемімен айналысып, Дубайдан абайка киімдерін әкеліп, Қазақстанда сатады.

"Жақында Сәкен Майғазиев дүркіретіп үлкен ұлының тойын жасады, баласын үйлендірді. Баласы Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия 20 жаста. Ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннің қызы. Енді Әдия кім болып жұмыс жасайды екен? Оның парақшасына кірген кезде эстетиканы, сұлулықты, нәзіктікті, пост салуды жақсы көретінін байқадым. Ал жұмысына келетін болсақ, ол Дубайдан абайка киімдер сатып алып, Қазақстанға келіп сатады", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.

Видеоның соңында ол Әдияның жеке және жұмыс парақшасына талдау жасап, шолу ұсынған. Бұл жазба Динара Мырзажанқызының жеке бренд тақырыбына арналған контентінің бір бөлігі болуы мүмкін.

Барлық жаңалық