💰 Экономика

Доллар әлсіреді: KASE-дегі жаңа бағам белгілі болды

Доллар әлсіреді: KASE-дегі жаңа бағам белгілі болды

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді. 5 наурыз күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 493,36 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,13 теңгеге төмен деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ұлттық банктің ресми мәліметінше, 5 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 499,83 теңге.

Ал айырбастау пункттеріндегі жағдайға келсек, Алматы мен Астана қалаларында доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматыда
💵 сатып алу – 491,75 теңге
💵 сату – 494,66 теңге

Астанада
💵 сатып алу – 491,01 теңге
💵 сату – 498,01 теңге

Ұлттық банк бұған дейін теңге бағамының өзгеруіне қатысты түсініктеме берген болатын. Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге 0,7%-ға нығайып, доллар бағамы 497,69 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сонымен қатар Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап отыр. Бұл инфляцияны тежеу және бағаның өсуін баяулату мақсатында қабылданған шешім.

Барлық жаңалық