Жақында ғана ана атанған Төреғали Төреәлідің қарындасы Дина Төреәлі Instagram желісінде жүрекке жылы тиетін видео жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді деп жазады Оzgeris.info.
Бейнежазбада Динаның сәбиімен алғаш рет әке үйіне келген сәті көрсетілген. Үй ішіндегілердің бар назары жаңа туған нәрестеге ауған кезде, күтпеген жағдай орын алады. Кадрдан Динаның әкесі қызына қарай келіп, оны құшақтап, әзіл-қалжыңмен «Әркім өзінің қызын құшақтасын» дегені көрінеді.
Осы сәтті видео сипаттамасында Дина Төреәлі:
«Мына сәтте жүрегім жылап жіберді ғой. Бәрі принцессаны күтіп тұрса екен, мені күтіп тұрған әкем… Папасының, немерелі әкенің қызы өзінің қызымен үйіне келген сәт» — деп жазды.
Желі қолданушылары бұл көріністі әкенің қызына деген шексіз махаббатының айқын дәлелі ретінде бағалап, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік видеоны «нағыз отбасылық құндылықтың көрінісі», «жүректі елжіреткен сәт» деп атап, пікірлерін жаудырды.