Жаңалықтар

Димаш Құдайберген халыққа тосын сый жасап, сүйінші жаңалығын бөлісті

Димаш Құдайберген халыққа тосын сый жасап, сүйінші жаңалығын бөлісті

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген 11 ақпанда өзінің YouTube-арнасында "Ғашықтық" атты жаңа композициясының тұсауын кесті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Клип минимализм стилінде түсірілген.

"Қымбатты достар! Сіздерге деген шексіз махаббатым мен ризашылығымды сөзбен емес, ән арқылы жеткізгім келеді", – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Ол продюсерлік жобасы – "Voice Beyond Horizon"-қа көрсетілген қолдау үшін ерекше алғыс білдіретіндігін атап өтті.

"12 ақпанда Hunan TV арнасында біздің "Voice Beyond Horizon" шоуының екінші бөлімі көрсетіледі. Алғашқы бөлімі менің YouTube-арнамда жарияланған. Елімізде амандық пен береке болсын! Баршаңызды құшақтаймын!" – деп үндеуін қорытындылады әнші.

Барлық жаңалық