Шоу-бизнес

Дәулет Тұрлыханов жерлесі Роза Рымбаеваға қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Дәулет Тұрлыханов жерлесі Роза Рымбаеваға қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Абай облысының Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Мәжіліс депутаты, әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Дүбірлі додаға Қазақстанның 12 облысынан және үш мемлекеттен келген 250-ге жуық жас балуан қатысты. Жас спортшылар кілем үстінде өз шеберлігі мен жігерін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. 

Спорттық шара аясында Қалбатауда ашық аспан астында үлкен гала-концерт ұйымдастырылды. Сахнада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті.

Концерт барысында Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға автокөлік сыйлап, көпшілікті таңғалдырды.

Барлық жаңалық