Спорт

Дастан Сәтпаев Бельгия қақпасына гол соғып рекорд жаңартты

«Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының тарихында ең жас гол авторы атанды, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бұл рекорд ЧМ-2026 іріктеу матчы аясында Астанада өткен Қазақстан – Бельгия кездесуі кезінде тіркелді. Сәтпаев кездесудің 10-минутында есеп ашып, өз алаңымызда Бельгия қақпасына гол соқты.

 

Матч тартысты өтті: Қазақстан құрамасы әлемнің үздік құрамаларының бірі саналатын Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнады. Ойын соңына қарай Қазақстан командасы бір ойыншыға кеміді – Ислам Чеснаков дөрекі фолы үшін алаңнан қуылды.

 

Бұл Сәтпаевтың ұлттық құрамасындағы екінші рекорды. Бұған дейін ол Қазақстан құрамасының ересектер құрамына шақырылған ең жас ойыншысы болып тіркелген еді.

Барлық жаңалық