Қоғам

"Дамымай жатқанды дінге жаппаңыздар":Желі белсендісі Қытайдағы мешіттерді үлгі етті (ВИДЕО)

"Дамымай жатқанды дінге жаппаңыздар":Желі белсендісі Қытайдағы мешіттерді үлгі етті (ВИДЕО)

Қоғамда мешіт құрылысы мен мемлекеттің дамуына қатысты пікірталас жиі туындайды. Блогер Азамат Самбетқұлов бұл таптаурын ойды қатаң сынға алып, діни орындар ілгерілеуге тұсау емес екенін дәлелдеуге тырысты. Ол көршілес Қытай елінің Үрімші қаласынан арнайы бейнежазба жариялады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Желі белсендісі шаһардың қақ ортасында орналасқан зәулім ғимараттарды көрсетіп былай деп айтты:

Жігіттер қараңдар. Қазақстанның дамуына мұсылмандар қалай кедергі жасап жатыр. Біз айтамыз ғой мешіт соқпау керек Қазақстан сонда дамиды деп ше. Енді мен Қытайдың Үрімші қаласының тура ортасында жүрмін.

Автордың дәл арқа тұсында үлкен құлшылық үйі тұр. Ол жерден азан дауысы анық естіледі. Бұл көріністі блогер келесі сөздермен нақтылады:

Менің артымда міне үлкен мешіт тұр. Үлкен мешіт дауыс шығып жатыр естіп жатқан боларсыздар. Одан кейін мынаған қарама қарсы тағы бір мешіт тұр. Міне кіріп шығып елдер емін еркін намаз оқып жатыр.

Мұнымен діни орындардың саны таусылмайды. Автордың таңданысын тудырғаны бұл ғимараттардың қаланың тап ортасында орналасуы. Ол бейнежазбада өз пікірін былай білдірді:

Енді қазір бұл екі мешіт тура қаланың ортасында. Көп екен өте көп екен. Үрімжінің ортасында мешіт бар ма жоқ па деп жүргендер болса айтыңдар нағыз дамып жатқан жердің бірі.

Түсірілім барысында бір ғана көшенің қиылысында бірден үш мешіт бой көтергені белгілі болды. Сәл арырақ көз тастағанда одан да үлкен төртінші ғимарат көзге түседі. Бұл жағдайды ол келесідей түсіндірді:

Бағана үш мешіт деп едік қой. Мына жаққа келсең тағы біреуі тұр. Міне тұр. Оның аржағында мүлде үлкен мешіт бар дейді. Әне аржақты қараңыздар. Сонда бір көшенің қиылысында біреу екеу мына жердегіні қосқанда үшеу тұр.

Дамыған қаланың ортасындағы осы көрініс арқылы Азамат Самбетқұлов халыққа маңызды үндеу тастады. Ол қолдан нақты іс келмейтін жандар бар кінәні дінге жаппауы тиіс екенін ескертті. Блогер наразылығын мына сөздермен кесіп айтты:

Міне қараңыздар. Анау мынау. Дамуға жатқаныңның өзіңнің миың істемей жатқанын мұсылмандардан көрмеңдерші. Басқа не істейсіңдер. Мешітке барма жүргендер мешітке бармай жүргендер айтыңдар нағыз дамып жатқан Үрімшінің ортасы. Сонда айтыңдаршы өздеріңнің бастарың істемейтін болса қолдарыңнан тірлік келмейтін болса дамымай жатқанды не үшін біз мұсылмандардан көріп жатырмыз. Айтыңдаршы?

Барлық жаңалық