Қоғам

ChatGPT шығынға ұшыраған

Жасанды интеллект саласындағы алпауыт OpenAI әлі күнге дейін табысқа шыға алмай отыр. TechSpot мәліметінше, компанияға рекордты инвестициялар құйылғанымен, миллиардтаған шығынға батып келеді, деп жазады Ozgeris.info.

Компания басшылығының болжамы бойынша, түсім 2028 жылы 100 млрд долларға жетпек, ал таза табысқа тек 2029 жылы ғана шығуы мүмкін.

Инвестициялар негізінен өз чиптерін шығаруға және жаңа дата орталықтар салуға бағытталуда. Алдағы он жыл ішінде дата орталықтарына кемінде 78 млрд доллар жұмсау жоспарда бар.

Компанияның ең танымал өнімі – ChatGPT. Оны 700 млн-ға жуық адам қолданғанымен, ақылы жазылымды пайдаланатындардың үлесі аз. Menlo Ventures дерегіне сүйенсек, ЖИ қолданушыларының бар болғаны 3%-ы ғана қызметке ақы төлейді.

Дегенмен инвесторлардың сенімі әлі жоғары. Өткен жылы OpenAI 50 млрд доллар қаржы тартып, компания құны 500 млрд долларға жақындады. Биыл ұйым Үндістанда жаңа кеңсе ашуды жоспарлап отыр.

Барлық жаңалық