Қоғам

Бүтін бір елдің премьер-министрі курьер болып жұмыс істеді

Бүтін бір елдің премьер-министрі курьер болып жұмыс істеді

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо 1 мамыр күні түнде наубайханада курьер болып жұмыс істеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы словакиялық «Plus jeden den» басылымы жазды. Үкімет басшысы мереке түні «Банов» наубайханасынан шыққан нан-тоқаш өнімдерін Тренчин өңіріне таң атқанша тасыған. Ол осы іс-әрекеті арқылы түн ұйқысын бұзып, мереке күндері де маңдай терін төгіп еңбек ететін қарапайым халыққа ерекше құрмет көрсеткісі келгенін жеткізді.

«Егер бәрін таратып үлгерсек, менімен бірге жүретін жүргізушіге сәл жеңілірек болады», – деді Роберт Фицо жұмысын бастамас бұрын.

Премьер-министрдің айтуынша қазір елдегі жұмыссыздық тарихтағы ең төменгі деңгейге түскен, дегенмен жұмыс күшінің 11 пайызы түнгі ауысымда қажырлы еңбек етеді. Бұл көршілес мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш екенін ескерген ол, өзі басқаратын социал-демократиялық партия түнде жұмыс істейтіндерге лайықты ақы төлеуді толық қолдайтынын атап өтті.

Барлық жаңалық