Шоу-бизнес

«Бұл показуха емес»: Ерке Есмахан желідегі пікірге жауап қатты (ФОТО)

«Бұл показуха емес»: Ерке Есмахан желідегі пікірге жауап қатты (ФОТО)

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзіне жолданған пікірлердің біріне қатысты жауап берді деп жазады Оzgeris.info.

 

Әнші отбасысына палау дайындағанын жазғаннан кейін, «Палауды өзің емес, заказбен алдырған шығарсың» деген пікір қалдырылғанын айтты.Өнер иесі мұндай көзқарасқа таң қалғанын жасырмады. Оның айтуынша, қарапайым тұрмыстық сәттердің өзіне күмәнмен қарайтын адамдар бар.

 

«Отбасыма палау пісірсем де, міндетті түрде бірдеңе жазатындар табылады. Неге менің тамақ жасағаныма таң қалады екен? Тіпті бұл пікірді 33 жастағы ер адам жазған», — деді ол.

 

Сондай-ақ Ерке Есмахан кейбір желі қолданушылары оның Instagram парақшасын шынайы өмір ретінде қабылдай алмайтынын атап өтті. Әншінің сөзінше, қоғамда адам қиналып жүрсе шынайы, ал бақытты, жайлы өмір сүрсе «көрсету» деп қабылдайтын түсінік қалыптасқан.

 

«Мен ешкіммен салысып, ешкімге дәлелдеуді мақсат етпеймін. Әр сәтіме шүкір етіп, өз бақытыммен өмір сүріп жатырмын. Басқаларға да солай өмір сүруге кеңес беремін. Алла сол кезде несібені арттырады», — деп жазды әнші.

 

Сөз соңында Ерке Есмахан палауды шынымен өзі дайындағанын да нақтылай кетті.

 

Барлық жаңалық