Сәкен Майғазиев жұрт арасында тарап жүрген «Сәкен мен Мәдина Сәдуақасова бірге екен» деген әңгімеге қатысты пікірін ашық айтты. Әншінің айтуынша, біреулер тіпті оның жарына хабарласып, күмән тудыратын сөздер айтқан, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Жұбайыма біреу телефон шалып, “Сәкен мен Мәдина білдірмей жүрсін… бұл не сұмдық?” депті. Енді өздеріңіз білесіздер, отқа май құйып, өсек таратуды жақсы көретіндер бар», – деді Майғазиев.
Әншінің сөзінше, әйелі әлгі адамға: «Біз Мәдинаның отбасымен жақсы араласамыз» деп түсіндірген. Бірақ қоңырау шалған адам «жоқ, білдірмей жүрсін» деген күдігінен қайтпаған.
«Сонда келіншегім өте әдемі жауап беріпті: “Жүрсе, білдірмес еді ғой”. Осымен әңгіменің нүктесі қойылды деп ойлаймын», – деді Сәкен Майғазиев әйелі туралы мақтанышпен.