Жаңалықтар

Бразилияда "Molodoy"-ды жұлдыздай күтіп алды (ВИДЕО)

Бразилияда "Molodoy"-ды жұлдыздай күтіп алды (ВИДЕО)

Бразилия әуежайында қазақстандық киберспорт шебері Данил Голубенконың құрметіне ерекше құрмет көрсетілді. «Molodoy» лақап атымен танымал Семей тумасын жергілікті жанкүйерлер нағыз жұлдыздардай қарсы алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оңтүстік Американың қызуқанды фанаттары бұл кездесуге тыңғылықты дайындалған. Олар әуежай ішінде арнайы баннерлер жайып, спортшының есімін ұрандатып, зор қошемет көрсетті. Тіпті, жиналған қауым Данилдің құрметіне арнайы ән де шырқады. Мұндай ілтипат киберспортшының халықаралық деңгейдегі танымалдылығын айғақтай түссе керек.

Бұл оқиға еліміздегі киберспорт саласының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Отандық ойыншылардың әлемдік аренада мойындалуы Қазақстанның осы бағыттағы әлеуетін айқын көрсетеді. Қазіргі таңда қазақстандық жастардың виртуалды спорттағы жетістіктері шекара таңдамай, алыс шет елдерде де жоғары бағаланып жүр.

 

 

Барлық жаңалық