Жаңалықтар

БҚО-да оқушыны зорлады деген шенеунік жазасыз қалған

БҚО-да оқушыны зорлады деген шенеунік жазасыз қалған

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысын зорлау фактісі бойынша күдікке ілінген азамат жоғары лауазымды тұлға болуы мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Уральская неделя басылымының мәліметінше, күдіктінің аты-жөні ресми түрде жарияланбай отыр. Оқиға бір айдан астам уақыт өтсе де, күдікті қамауға алынбаған. Зардап шеккен қыздың әкесі жергілікті басылымға оқиғаның кейбір мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған. Кейін әкесі полицияға арызданған соң күдікті ұсталып, сұрақ-жауап алынған. Ол бөлімшеде істеген қылмысын мойындаса да полиция қызметкерлері оны жібере салған. 

«Ол жасаған ісін мойындады, қызым да оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал содан кейін маған телефон арқылы қоқан-лоқы көрсете бастады. Біз қарапайым адамдармыз, адвокатты жақында ғана жалдадық. Ақша жинадық», – дейді қыздың әкесі.

Әкесінің сөзінше, құқық қорғау органдары бұл іске жеткілікті деңгейде мән бермей отыр. Ол тергеудің аяқсыз қалып, күдікті тиісті жазадан сытылып кететініне алаңдаулы.

Барлық жаңалық