Қоғам

БҚО-да жол бойында жүк көлігі аударылып, тұрғындар 20 тонна жемісті бір сағаттың ішінде тасып әкеткен (видео)

БҚО-да жол бойында жүк көлігі аударылып, тұрғындар 20 тонна жемісті бір сағаттың ішінде тасып әкеткен (видео)

БҚО-да Самара-Орал тас жолының бойында жүк көлігі аударылып, жақын маңдағы ауыл тұрғындары тегін жемісті үйіне тасып алды. Бұл туралы Astana TV хабарлайды.

Тұрғындар бұл аумақта жазатайым жол апаты жиі болатынын алға тартады. Сондықтан жауапты органдар қауіпсіздікті күшейтсе дейді.

"Кезінде жол салғанда қорғандар қалды ма екен, болмаса арқалы, әулие аталарымыз жатыр ма екен? Өйткені жол жиегінде Биік қорғандар тұр. Соған байланысты жеке ойым ғой. Кешегіде машинаны тұрғызу керек болды көлікті. Жүргізуші өздерің жинап алыңдар деді", - дейді тұрғындардың бірі Рафхат Халелов.

Барлық жаңалық