Астанадағы ауданаралық азаматтық істер сотында бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің Нұрбол Назарбаевқа қатысты өтініші қаралып жатыр. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде бұл істің ашылғаны және Назарбаевтың жауапкер ретінде қатысып жатқаны туралы ақпарат тараған. Алайда соттан алынған мәліметке қарағанда, бұл нақты талап арыз емес, өтініштің қаралуы ғана. Процесс құпия материалдарға байланысты жария үшін жабық болып отыр.
Сонымен қатар Болат Назарбаев қызына қатысты компанияға әкімдік келісімшарт сомасын төрт есе ұлғайтқаны хабарланған.