Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы басшылыққа ресми түрде өтініш жолдады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
11 қазан күні Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Қостанай – Астана бағытындағы тұрақты рейсін орындау кезінде техникалық ақауға байланысты ұшуын тоқтатып, әуежайға қайта оралған болатын.
Компания мәліметінше, ұшақ көтерілу сәтінде ұшу процесі тоқтатылып, әуе кемесі қауіпсіз түрде тұраққа қайтарылған. Кейбір жолаушылар шассидің маңайында қысқа уақыт жарық пайда болғанын байқағандарын айтқан. Бұл дерек техникалық тексеріс кезінде ескеріледі.
Ақауды жою мақсатында Қостанайға әуе компаниясының техникалық тобы жіберілді. Барлық жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді қонақүйге орналастырылды, билеттері қайтарылды немесе басқа рейстерге ауыстырылды.Qazaq Air өкілдері атап өткендей, жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі компанияның басты басымдығы, сондықтан барлық іс-шаралар халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сай жүргізілуде.Көлік министрлігі бұл оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
Министрлік хабарлағандай, әуе компаниясына ұшқыштар тобының өтінішін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау тапсырылды.
«Өтініште көрсетілген негізгі талаптардың қатарында:түнгі рейстерге төленетін еңбекақыны қайта қарау;әуе кемесінің командирлерінің жалақысын көтеру;екінші ұшқыштардың айлығын арттыру;барлық ұшқыштар үшін ұшу уақытына төленетін ақы мөлшерін ұлғайту бар», – делінген министрлік мәлімдемесінде.