Қытайдың алып технологиялық компаниясы Alibaba Американың қорғаныс министрлігін сотқа берді. Даудың туындауына Пентагонның шығарған жаңа шешімі түрткі болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
АҚШ билігі аталған корпорацияны Қытай қарулы күштерімен байланысы бар кәсіпорындар тізіміне қосқан. Мұндай айыптауды ауырсынған ұйым Калифорния штатының федералды сотына ресми шағым түсірді.
Корпорация өз мәлімдемесінде ешқандай әскери құрылымға жатпайтынын кесіп айтты. Кәсіпорынның әскери және азаматтық салаларды біріктіру стратегиясына мүлдем қатысы жоқ. Олар тізімге енгізу туралы шешімді толықтай негізсіз әрі әділетсіз деп бағалап отыр. Сондықтан ұйым басшылығы компания атауын аталған қатардан дереу алып тастауды қатаң талап етті.