Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевтың туысы Бекзат Кемеловаға қатысты алаяқтық ісі қаралып жатыр деп хабарлайды Оzgeris.info.Процесте марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Уәлихан Бишімбаевтан жауап алынды.
Уәлихан Бишімбаев Салтанат Нүкенованың 40 күндік асына Қайрат Кемелов 1,5 миллион теңге тапсырғанын растады. Оның айтуынша, Кемелов Нүкеновтер отбасымен байланыста жүргендіктен делдалдық рөлді өзі атқарған.
Сондай-ақ Бишімбаев Кемелов арқылы сот-медициналық сараптамаға ықпал ету, Қуандық Бишімбаевты «есі дұрыс емес» деп тануға көмектесу жөніндегі талаптар болды деген айыптауларды толықтай жоққа шығарды.Ол ұлына қатысты анықтама алу үшін психиатриялық мекеме басшысына шығуды сұрады деген ақпаратты да «ойдан шығарылған сандырақ» деп атады.
«Ондай өтініш те, ондай әрекет те болған емес», — деп түйіндеді Уәлихан Бишімбаев.