Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар Байжановтың жазасы қысқартылды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Степногорск қаласының соты Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистияға сәйкес Бахытжан Байжановтың өтінішін қанағаттандырды.
Еске салайық, 2024 жылы Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша аса ауыр қылмысты жасырып қалғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот шешімімен енді оның жазасының қалған бөлігі 1 жыл, 4 ай, 17 күнді құрайды.