Жаңалықтар

Биржада доллар бағамы қайта көтерілді

Биржада доллар бағамы қайта көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге қымбаттап, 501,26 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 496,85 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 500,37 теңгеден сатып алынады, 503,59 теңгеден сатылады. Еуро 588,79 — 594,62 теңге, ал рубль 6,43 — 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,93 теңгеден сатып алынады, 74,08 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 497,00 теңгеден сатып алынады, 504,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 584,00 теңге, сату — 594,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,43 теңге, сату — 6,75 теңге.
— юань: сатып алу — 71,73 теңге, сату — 75,87 теңге.

Еске салайық, 24 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге арзандап, 496,85 теңге болды.

 

Барлық жаңалық